logo

Хоккейден Қазақстан жастар арасындағы әлем чемпионатында алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Хоккейден Қазақстан жастар арасындағы әлем чемпионатында алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Шайбалы хоккейден жастар арасындағы әлем чемпионатының IА дивизионындағы екінші матчта Қазақстан құрамасы Словениямен кездесті, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Ойын барысында отандастарымыз бірде бір шайба, бірде екі шайба айырмасымен артта қалып отырды.

Үшінші кезеңде қазақстандықтар есепті 4:4 қылып теңестіре алды. Ал буллит сериясында Әлішер Сәркенов дәл соққы жасап, ұлттық құрамаға жеңіс сыйлады.

Осылайша Қазақстан құрамасы Словениядағы әлем чемпионатында алғашқы жеңісіне қол жеткізді.

10 желтоқсанда Антон Васиннің шәкірттері Франция құрамасына қарсы ойнайды.



Күн шежіресі