logo

Қазақстандық семсерлесушілер жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогы кезеңінде үздік ондыққа енді

Қазақстандық семсерлесушілер жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогы кезеңінде үздік ондыққа енді

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы семсерлесуден Гонконгта өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінде бақ сынады, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Семсер қаруымен айқасудан құрамада ең жоғары нәтижені Нұржан Әбжанов көрсетті. Ол жарысты 22-орынмен аяқтады.

Берік Орынбасар 56-орынға, Нұрмұхаммед Балтабай 61-орынға, Нариман Уәлихан 71-орынға ие болды.

Ал Александр Шешин 103-орынға, Жанарбек Жанұзақов 138-орынға және Анварбек Бауыржан 179-орынға тұрақтады.

Командалық бәсекеде Қазақстан құрамасы сегізінші орынға табан тіреді.



Күн шежіресі