logo

Қазақстандық семсерлесушілер Оңтүстік Кореядағы Гран-приде бақ сынайды

Қазақстандық семсерлесушілер Оңтүстік Кореядағы Гран-приде бақ сынайды

Ертең, 1 мамырда Инчхон қаласында (Оңтүстік Корея) қылыштасудан Гран-при санатындағы халықаралық турнир басталады, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Байрақты бәсекеде Қазақстан құрамасының тоғыз спортшысы бақ сынайды.

Инчхондағы турнирде ел намысын Карина Доспай, Анастасия Гулик, Татьяна Приходько, Әйгерім Сарыбай, Назарбай Саттархан, Нұрмұхаммед Жайлыбай, Қуаныш Ерғашбай, Жанат Нәбиев және Артем Саркисян қорғайды.

Айта кетейік, Гран-при жарысы 3 мамырға дейін жалғасады.



Күн шежіресі