Қазақстандық семсерлесушілер Италияда өтетін Гран-при кезеңіне қатысады
Қазақстанның рапирамен семсерлесу құрамасы Италияның Турин қаласында өтетін Гран-при сериясындағы турнирге қатысады, деп хабарлайды Sport+.
Ірі халықаралық жарыс 5–7 ақпан аралығында өтеді.
Еліміздің намысын Италияда София Актаева, Алена Гноева, Ғалым Нұрымов және Тимофей Семёнов қорғайды.