logo

София Актаева әлем кубогының күміс жүлдегері атанды

София Актаева әлем кубогының күміс жүлдегері атанды

Қазақстандық семсерлесуші София Актаева БАӘ-нің Фуджейра қаласында өтіп жатқан рапирамен семсерлесуден жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогында күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sport+ Қазақстан семсерлесу федерациясына сілтеме жасап.

София турнирді іріктеу кезеңінен сенімді бастап, барлық жекпе-жектерде жеңіске жетіп, өз тобында 1-орын иеленді.

1/16 финалға шығу үшін София Гонконг өкілі WONG Shun Yat-ты 15:9 есебімен жеңді;

1/8 финалда Словакия спортшысы FORGACH Rebeka Liliana-дан 15:13 есебімен басым түсті;

¼ финалда Қытай спортшысы ZHU Liting-ті бір ғана соққы айырмасымен 15:14 есебімен ұтты;

Жартылай финалда отандасымыз тағы бір қытайлық спортшы HU Beini-ден 15:8 есебімен айқын жеңіске жетті;

Ал финалдық кездесуде София Ресей спортшысына 11:15 есебімен жол беріп, турнирді лайықты түрде екінші орынмен аяқтап, күміс медаль иегері атанды.



Күн шежіресі