logo

Қазақстандық нысана көздеуден елімізде өтіп жатқан Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

Қазақстандық нысана көздеуден елімізде өтіп жатқан Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

2024 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, нысана көздеуден Қазақстан құрамасының өкілі Ислам Сәтпаев Шымкентте өтіп жатқан Азия чемпионатында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап. 

Спортшы 10 метрге пневматикалық винтовкадан ату бағдарламасында алтын медаль иеленді. Финалда ол 250,1 ұпай жинады.

Екінші орынға 249,8 ұпаймен қытайлық Лу Динкэ жайғасты. Оңтүстіккореялық Пак Хаджун 228,7 ұпай жинап, қола медальға ие болды.