Ауыр атлет Нұржан Жұмабай рекорд жаңартып, жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанды

Ауыр атлет Нұржан Жұмабай рекорд жаңартып, жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанды

Қазақстандық ауыр атлет Нұржан Жұмабай Калиде (Колумбия) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында топ жарды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Отандасымыз 88 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғады.

Нұржан Жұмабай қоссайыс қорытындысы бойынша 348 (155+193) келіні еңсерді. Сондай-ақ серпе көтеруде әлем рекордын жаңартты.

Күміс медальді Эрик Гуадамуд (Испания) жеңіп алды — 344 (156+188) келі. Ал Хосе Мантилья (Мексика) үздік үштікті түйіндеді — 335 (151+184) келі.



Күн шежіресі