Қазақстандық ауыр атлет Ернұр Мырзахмет Калиде (Колумбия) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Отандасымыз 79 келіге дейінгі салмақта сынға түсті.
Ернұр Мырзахмет қоссайыс қорытындысы бойынша 304 (142+162) келіні еңсерді. Осылайша ол қола медаль жеңіп алды.
Алтын медальді Мохамед Абдельради (Мысыр) иеленді — 318 (143+175) келі. Екінші орынға Абдулрауф Халифа (Ливия) жайғасты — 305 (137+168) келі.
