Жеңіл атлет Анастасия Рыпакова жастар арасында Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Жеңіл атлет Анастасия Рыпакова жастар арасында Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Қазақстан құрамасы Қытайдың Ордос қаласында өтіп жатқан жастар арасында Азия чемпионатында алғашқы медаліне қол жеткізді, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Анастасия Рыпакова ұзындыққа секіру сайысында екінші орынға ие болды. Отандасымыз өзінің үздік нәтижесінде 6.11 метрге секірді.

Айта кетейік, дәл осы бағдарламада Диляра Хайбуллина жарыс жолына шыққан жоқ.

Алтын медальді қытайлық  Инъин Хуан жеңіп алды — 6.48 метр. Қола жүлдеге Ха Тхи Тхюи Ханг (Вьетнам) ие болды — 6.10 метр.



Күн шежіресі