Қазақстандық мергендер Азия кубогында медальға бір қадам жетпей қалды

Садақ атудан Азия кубогының Сингапурдағы кезеңінде Қазақстан ұлттық құрамасы қола медаль үшін өткен бәсекеде жеңіліп қалды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Классикалық садақ атудан аралас командалар арасындағы сайысқа Ильфат Абдуллин мен Самира Жұмағұлова қатысты.
Жартылай финалда қазақстандық мергендер Индонезия құрамасынан 2:6 есебімен жеңілді.
Үшінші орын үшін өткен кездесуде Қазақстан Сингапурға 3:5 есебімен жол берді.
Айта кетейік, блоктық садақ атудан Қазақстан аралас құрама командасы финалға шықты. Олар 20 маусымда алтын медаль үшін Үндістан құрамасына қарсы сынға түседі.