logo

Қазақстандық дзюдошы Бакуде өткен «Grand Slam» турнирінде қола жүлдеге ие болды

Қазақстандық дзюдошы Бакуде өткен «Grand Slam» турнирінде қола жүлдеге ие болды

Қазақстандық дзюдошы Ерасыл Қажыбаев Бакуде өткен «Grand Slam» турнирінде қола жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды Sport+.

100 келіден жоғары салмақта өткен қола медаль үшін айқаста ол грузиялық Саба Инанеишвилиді иппонмен жеңді.  

Бұл Қазақстан құрамасының аталған турнирдегі жалғыз жүлдесі болды.  

Сонымен қатар, Ислам Тоқтасын, Мейіржан Жұмабек және Ислам Бозбаев өз салмақ дәрежелерінде жетінші орын алды.