«Үлкен дулыға» турнирде бақ сынайтын аруларымыз анықталды
7-8 желтоқсан аралығында Жапония астанасы Токиода дзюдодан Үлкен дулыға санатындағы жарыс өтеді, деп хабарлайды Sport +.
Бұл 2024 жылғы ересектер арасындағы соңғы халықаралық турнир саналады.
Токиода ел намысын қорғайтын татами шеберлері:
Әйелдер:
Толғанай Әбеуова (-52 кг)
Дана Әбдірова (-57 кг)
Самалай Ерғалиева (-63 кг)
Назгүл Маратова, Карина Такиева (+78 кг)
Айта кетейік, Жапония астанасында 48 мемлекеттен 302 дзюдошы сынға түсіп, өзара мықтыны анықтайды.