logo

Қазақстандтық төрешілер УЕФА Жасөспірімдер Лигасының матчына тағайындалды

Қазақстандтық төрешілер УЕФА Жасөспірімдер Лигасының матчына тағайындалды

Қазақстандтық төрешілер бригадасы 11 ақпанда өтетін УЕФА Жасөспірімдер Лигасының 1/16 финалындағы «Штутгарт» (Германия) – «Ливерпуль» (Англия) матчына тағайындалды, деп хабарлайды Sport+.

Кездесуді қазақстандық рефери Булат Сариев басқарады. Оған көмекші төрешілер ретінде отандастары Юрий Тихонюк пен Сергей Калачев көмектеседі. Ал төртінші арбитр міндетін германиялық Феликс Приган атқарады.

Ойын Қазақстан уақытымен 18:00-де басталады.