logo

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Астанадағы республикалық «Жастар» турниріне қатысады

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Астанадағы республикалық «Жастар» турниріне қатысады

16 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы 1-11 наурыз аралығында Астанада өтетін республикалық «Жастар» турнирінде ойнайды, деп хабарлайды Sport+ Қазақстан футбол федерациясына сілтеме жасай отырып.

Қазақстан U-16 құрамасы алдағы жарысқа дайындықты Талғардағы ҚФФ құрама командаларының базасында өткізуде.

Астанада өтетін республикалық жарыста 2010 жылы туған ойыншылардан жасақталған Қазақстан құрамасы 2009 жылғы жасөспірімдер командаларымен күш сынасады.

Қазақстан құрамасы «А» тобында «Ордабасы», «Қайрат», «Астана», «Жас Қыран» және «Алтай» клубтарымен кездеседі.

«Жастар» турниріндегі Қазақстан U-16 құрамасы матчтарының кестесі:

2 наурыз (жексенбі)

09:00 «Ордабасы» U-17 – Қазақстан U-16

4 наурыз (сейсенбі)

15:00 Қазақстан U-16 – «Жас Қыран» U-17

6 наурыз (бейсенбі)

11:00 «Қайрат» U-17 – Қазақстан U-16

8 наурыз (сенбі)

19:00 «Астана» U-17 – Қазақстан U-16

10 наурыз (дүйсенбі)

13:00 Қазақстан U-16 – «Алтай» U-17