«Кельнге» ауыр емтихан. «Бавария» — «Кельн» матчының тікелей эфирі
Германия кубогының 1/16 финалында «Кельн» өз алаңында «Баварияны» қабылдайды.
Лукас Квасниок баптайтын «Кельн» маусымды бірқалыпты өткізбей жатыр, бірақ амбициясы жоғары: команда батыл ойнап, прессинг жасайды, белсенді қозғалып, голдық мүмкіндіктер ұйымдастырады. Алайда тұрақтылық жағы әлі де ақсап тұр — үш жеңіс, екі тең ойын және үш жеңіліс, соғылған 12 және жіберілген 11 доп.
Ал «Бавария» керісінше мінсіз ойын көрсетуде: сегіз турда сегіз жеңіс, 30 гол және небәрі төрт жіберілген доп Венсан Компани жүйесінің қуатын айқындайды. Мюнхендік команда матчтың қарқынын сенімді бақылап, жылдам алға өрлеп, қарсыласты прессингпен қысады.
Германия кубогында «Кельн» андердог рөлінде ойнайды, бірақ жанкүйерлердің қолдауы мен стандарттардағы сауатты ойын «рекордмейстерге» қиындық туғызуы мүмкін.
Бұл ойынды тікелей эфирде Sport+ Qazaqstan телеарнасынан, сондай-ақ sportplustv.kz сайтынан көруге болады. Кездесудің басталуы 00:45–те.