logo

Қазақстандық ауыр атлет Азия рекордын жаңартып, жасөспірімдер Азиадасында жеңімпаз атанды

Қазақстандық ауыр атлет Азия рекордын жаңартып, жасөспірімдер Азиадасында жеңімпаз атанды

Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының өкілі Нұржан Жұмабай Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

79 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен спортшы жұлқа көтеруде алтын медаль жеңіп алды.

Жұмабай ең сәтті мүмкіндігінде 146 келіні көтеріп, жасөспірімдер арасында Азия және Азия ойындарының рекордын жаңартты.

Екінші орын Бахрейн өкілі Эдриан Граньяға (142 келі) бұйырды. Үшінші нәтиже көрсеткен Түрікменстан спортшысы Дидарбек Джумабаев (138 келі) қола жүлдегер атанды.



Күн шежіресі