Оралда Alash Pride 106 өтеді: Уақытша чемпиондық белбеу үшін айқас

Оралда Alash Pride 106 өтеді, басты жекпе-жекте Аслан Өтегалиев пен Сұлтанбек Орозмамат арасында лиганың уақытша чемпиондық белбеуі үшін айқас болады.
Сондай-ақ турнирде Мақсат Есболат, Нұрхан Жұмағазы, Ерхан Жұмабаев, Асылжан Таскет, Досбол Елеген, Теймур Жапаров, Шавкат Рахмоновтың бұрынғы спарринг-серіктесі, жас талант Әлиби Пернебек және басқа да спортшылар өнер көрсетеді.
Турнир басталуы: 19:00
Тікелей трансляция Sport+ телеарнасында және sportplustv.kz сайтында қолжетімді болады.