Қазақстан күрес түрлерінен U17 әлем чемпионатын сегіз медальмен аяқтады

Қазақстан күрес түрлерінен U17 әлем чемпионатын сегіз медальмен аяқтады

Әзірбайжанның Баку қаласында күрес түрлерінен 17 жасқа дейінгі спортшылар арасында әлем чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандық балуандар аталған байрақты бәсекеде екі алтын, екі күміс, төрт қола медаль жеңіп алды.

Еркін күрес

Бақдәулет Ағабек (48 келіге дейін) алтын медаль жеңіп алса, Мардан Орынбасар (60 келіге дейін) және Әділет Рысбай (71 келіге дейін) қола медальға ие болды.

Грек-рим күресі

Дияр Аманәлі (55 келіге дейін) алтыннан алқа тақты. Ал Әли Алмас (48 келіге дейін) күміс жүлдеге иеленсе, Әлинұр Төлеуғали (71 келіге дейін) үшінші орын алды.

Әйелдер күресі

Айша Әбдімәлік (65 келіге дейін) күміс жүлдегер атанды. Ал Інжу Баққожа (46 келіге дейін) қола жүлдеге ие болды.



Күн шежіресі