Екі қазақстандық «классик» U17 әлем чемпионатының жартылай финалына шықты

Екі қазақстандық «классик» U17 әлем чемпионатының жартылай финалына шықты

Бүгін, 27 шілдеде, Әзірбайжанның Баку қаласында күрес түрлерінен U17 жас санатында әлем чемпионаты басталды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Алғаш болып бозкілемге грек-рим күресінің балуандары шықты.

48 келіге дейінгі салмақта Әли Алмас ширек финалда қырғызстандық Абдышукур Дурусалиевті жеңді. Енді отандасымыз ½ финалда армениялық Арарат Аветисянмен белдеседі.

Сондай-ақ Дияр Аманәлі 55 келіге дейінгі салмақтың ширек финалында Георгий Кеделидзені жеңді. Осылайша жартылай финалда болгариялық Данимир Йордановпен күш сынасады.



Күн шежіресі