Айша Әбдімәлік U17 әлем чемпионатының финалына шықты

Әйелдер күресінен Қазақстан құрамасының өкілі Айша Әбдімәлік Әзірбайжанның Баку қаласында өтіп жатқан 17 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионатының алтын медалі үшін белдеседі, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынаған Айша жартылай финалда Грекия өкілі Василики Каравануды сенімді жеңіп, финалға жолдама алды.

Енді қазақстандық балуан шешуші белдесуде Моңғолия спортшысы Ариунул Болдбаатармен күш сынасады.

Сондай-ақ 49 келіге дейінгі салмақта Аянат Мейнамбай қола медаль үшін белдеседі. Оның қарсыласы жұбаныш белдесулерінің қорытындысы бойынша анықталады.



Күн шежіресі