Қазақстан Кубогының финалистері анықталды (видео)
Футболдан Қазақстан Кубогының футболдан жартылай финалындағы қарымта матчтар өтті.
Өскеменде «Ордабасы» Бьорн Йонсен мен Жасұлан Әмірдің голдарының арқасында «Алтайды» жеңіп, екі матчтың қорытындысы бойынша Қазақстан Кубогының финалына жолдама алды.
Ал Астанада «Жеңіс» пен «Қайсар» тартысты матч өткізді. Кездесу 3:2 есебімен аяқталды. Елорда командасының сапында Андрей Филипович дубль авторы атанса, тағы бір голды Жиан Мартинш соқты. Қонақтар құрамынан Микеяш пен Рамазан Бағдат мергендік танытты.
Матчта жеңіліс тапқанына қарамастан, «Қайсар» футболшылары екі ойынның қорытындысы бойынша 5:4 есебімен қарсыласын жеңіп, финалға жолдама алды.