«Палермо», «Сассуоло», «Эмполи» және басқалар. Италия Кубогының төрт матчы Sport+ эфирінде

«Палермо», «Сассуоло», «Эмполи» және басқалар. Италия Кубогының төрт матчы Sport+ эфирінде

17 тамызда футболдан Италия Кубогының тағы төрт матчы өтеді.

Қазіргі уақытта 1/32 финал кезеңі өтіп жатыр. Ал «Интер», «Болонья», «Милан», «Рома», «Ювентус» және басқа да алпауыт клубтар турнирді 1/8 финалдан бастайды.

1/16 финалға жолдама алған бірқатар команда белгілі болды. Алайда тағы төрт жолдама бар, олардың иегерлері бүгін анықталады.

Sport+ телеарнасынан екі кездесуді тікелей эфирде тамашалауға болады: «Пиза» — «Эмполи» және «Кремонезе» — «Сампдория».

Ал сайттағы тікелей эфирде «Сассуоло» — «Чезена» және «Палермо» — «Лечче» ойындары көрсетіледі.

Ойындар кестесі:

21:00 «Пиза» — «Эмполи»

21:30 «Сассуоло» — «Чезена»

23:45 «Кремонезе» — «Сампдория»

00:15 «Палермо» — «Лечче»