Финалға жолдама үшін тартыс: «Алтай» – «Ордабасы» матчының тікелей эфирі

Финалға жолдама үшін тартыс: «Алтай» – «Ордабасы» матчының тікелей эфирі

«Алтай» мен «Ордабасы» чемпионатта мүлде әртүрлі міндеттерді шешіп жатыр. Алайда Кубокта олардың мақсаты бір — финалға шығу.

Шымкентте өткен алғашқы жартылай финалдық матчта «Ордабасы» 3:1 есебімен жеңіске жетті.

Енді командалар Өскеменде қарымта ойын өткізеді.

Қызығы, Қазақстан Премьер-лигасының соңғы турында бұл командалар Шымкентте тағы кездесіп, есеп тағы да 3:1 болды.

ҚПЛ аясында Вахид Масудовтың шәкірттері мамыр айында өз алаңында «Ордабасыны» тоқтатып, 0:0 есебімен тең түскен еді. Алайда бұл жолы тең ойын жеткіліксіз.

Қарымта жартылай финалдық матч сағат 18:00–де басталады.

Тікелей трансляция Sport+ телеарнасында, сондай-ақ sportplustv.kz сайтында қолжетімді болады.



Күн шежіресі