Қазақстан - Канада: Билли Джин Кинг кубогының матчтарына қатысатын теннисшілер белгілі болды

Қазақстан - Канада: Билли Джин Кинг кубогының матчтарына қатысатын теннисшілер белгілі болды

10-11 сәуір аралығында Астанада Билли Джин Кинг кубогының іріктеу кезеңі аясында Қазақстан мен Канада құрамалары арасында матчтар өтеді, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Теннисшілер командалық әлем чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама үшін таласады.

Қазақстан құрамасы сапында кортқа шығатын спортшылар:

— Анна Данилина (жұптық сында WTA рейтингінде № 6);

— Юлия Путинцева (№ 76 WTA);

— Жібек Құламбаева (жұптық сында № 178 WTA);

— Аружан Сағандықова (№ 871 WTA);

— Соня Жиенбаева (№ 1018 WTA).

Әлемнің екінші ракеткасы Елена Рыбакина алдағы кездесуге қатыспайды. Мұндай шешім Қазақстан теннис федерациясы мен спортшының жаттықтырушылар штабының келісімімен қабылданды. Биыл Елена үшін басты мақсат — әлемдік рейтингте көшбасшылық үшін күресу.

Канада құрамасының тізімі:

— Виктория Мбоко (№ 10 WTA);

— Габриэла Дабровски (жұптық сында № 2 WTA);

— Марина Стакусич (№ 130 WTA);

— Бьянка Андрееску (№ 165 WTA, жұптық сында № 160);

— Кайла Кросс (№ 194 WTA, жұптық сында № 131).

Бұл кездесудің жеңімпазы командалық әлем чемпионатының финалдық кезеңіне тікелей жолдама алады.



Күн шежіресі