«Қазақ Сехудосының» дебюті және екі чемпиондық айқас: Қарағандыдағы KCF турнирлерінің тікелей эфирі

«Қазақ Сехудосының» дебюті және екі чемпиондық айқас: Қарағандыдағы KCF турнирлерінің тікелей эфирі

Қарағандыда Kyokushinkai Championship Fighting (KCF) лигасының екі турнирі өтеді. 

Негізгі кардтың жекпе-жектері кешкі 19:00–де өтеді.

Кештің басты кардында екі чемпиондық белбеу сарапқа салынады. Кештің басты жекпе-жегінде лигада «Қазақ Сехудосы» атанған Дамир Төленов дебют жасайды. Ол — Octagon лигасының бұрынғы чемпионы және америкалық LFA ұйымымен келісімшартқа қол қоюға үміткер спортшы. Оның қарсыласы Дмитрий Ходырев болады. Бұл кездесуде KCF чемпионының белбеуі сарапқа салынады.

Қосалқы басты жекпе-жекте де чемпиондық атақ үшін айқас өтеді. Jax MMA командасының өкілі Мейірбек Исраилов Вохит Бахтибековпен кездеседі.

Сондай-ақ турнир аясында Астана қаласының өкілі, KCF чемпионы Даниил Гунда, Ілияс Қарачаев және қазақстандық ММА-ның тәжірибелі спортшысы Дархан Сқақов октагонға қайта оралады. Дархан бұл лигадағы алғашқы жекпе-жегін өткізеді.

Турнирді де тікелей эфирде sportplustv.kz сайтынан және Sportplus_Qaz YouTube арнасынан көруге болады.



Күн шежіресі