KCF лигасы төрт чемпиондық белбеуді сарапқа салды (видео)
Астанада өткен турнирде Kyokushin Combat Fighting лигасы төрт чемпиондық белбеуді сарапқа салды.
80 келі салмақта лиганың жаңа чемпионы атанып, төрешілер шешімімен белбеуді Ресей өкілі Даниил Гунда жеңіп алды.
Сондай-ақ бірінші раундта нокаутпен жеңіске жеткен Дастан Бекен чемпиондық белбеуді өзінің беліне тақты.
Бұдан бөлек, лиганың қазіргі чемпионы Әлішер Қарменов өз титулын сақтап қалды.
Ал жаңа чемпион болып қытайлық Ван Жонгсян атанды, ол Ілияс Харачаевты төрешілер шешімімен жеңді.