logo

Португалия чемпионатының соңғы турындағы «Спортинг» пен «Бенфика» ойынын қайдан көруге болады?

Португалия чемпионатының соңғы турындағы «Спортинг» пен «Бенфика» ойынын қайдан көруге болады?

Португалия чемпионатының соңғы турына «Спортинг» пен «Бенфика» бірдей ұпай санымен келді. «Арыстандар» Лиссабондағы көршілерінен тек соғылған голдар саны бойынша ғана (86 қарсы 83) алда тұр.

Соңғы турда қос команда да өз матчтарын бір уақытта өткізеді. «Спортинг» еурокубоктарға жолдама алу үшін әлі де үміті бар «Витория Гимараешпен» кездеседі («Санта Клара» өкшелеп келеді), ал «Бенфика» маусым қорытындысы бойынша чемпионаттың қола медаліне үміткер саналатын «Браганың» алаңына қонаққа барады.

Демек, Португалияда қызыққа толы кеш болғалы тұр.

Sport+ телеарнасы чемпиондыққа үміткер екі команданың матчтарын қатар көрсетеді. «Спортинг» – «Витория» ойыны телеарнада және sportplustv.kz сайтында тікелей эфирде көрсетіледі. «Брага» – «Бенфика» матчын да сайттан көруге болады.

Екі матчтың басталуы — 22:00.