«Порту» қола жүлде үшін күресті жалғастыруда (видео)

«Порту» қола жүлде үшін күресті жалғастыруда (видео)

Португалия чемпионатында «Морейренси» командасын өз алаңында жеңген «Порту» турнир кестесінде үшінші орынға көтерілді, деп хабарлайды Sport+.

Ойын 3:1 есебімен аяқталды. «Айдаһарлар» сапында голдарды Франсишку Моура және дубль авторы испаниялық Саму соқты. Қонақтардан жалғыз голды Ян Маранао еншіледі.

«Порту» клубының үшінші орынға тікелей бәсекелесі — «Брага» өз ойынын бүгін өткізеді.