«Порту» Еуропа Лигасына жолдама алғысы келеді. «Порту» — «Морейренсе» матчын қайдан көруге болады?

2 мамырдан 3 мамырға қараған түні Порту қаласында Португалия чемпионатының 32-тур аясында «Порту» мен «Морейренсе» арасында матч өтеді, деп хабарлайды Sport+.
Алдағы ойында алаң иелері келесі жылғы Еуропа Лигасына жолдама алу үшін «Брагамен» күресіп жатыр. «Айдаһарлар» екі ұпайға қалып келеді және қарсыласқа психологиялық қысым көрсетуге мүмкіндік бар.
Ал «Морейренсе» соңғы бес ойында небәрі бір жеңіске жетіп, екі рет тең ойнағанын ескерсек, бұл матч «Порту» үшін оңай өтуі мүмкін.
Бұл командалар арасындағы бірінші айналымдағы кездесу «Порту» клубының 3:0 есебімен ірі жеңісімен аяқталған болатын.
«Порту» — «Морейренсе» матчының тікелей трансляциясы Sport+ Qazaqstan телеарнасында және sportplustv.kz сайтында Астана уақытымен 00:15–те қолжетімді болады.