Мораның қос голы «Портуға» жеңіс әкелді (видео)

«Порту» Португалия чемпионатының қола жүлдесі үшін күресті жалғастырып жатыр. Sport+ дерегінше, команда өз алаңында «Фамаликанды» 2:1 есебімен жеңді, деп хабарлайды Sport+.
«Айдаһарлар» сапында 17 жастағы Родриго Мора дубль авторы атанса, қонақтардан жалғыз голды Педро Бондо соқты.
Бұл жеңістің арқасында «Порту» турнирлік кестеде 3-орынға көтерілді, алайда олардың басты бәсекелесі «Браганың» бір ойыны кем.