logo

Нұрдәулетов «Оқжетпес» тізгінін қолына алғаннан кейін алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Нұрдәулетов «Оқжетпес» тізгінін қолына алғаннан кейін алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Шымкентте Қазақстан чемпионатының 15-туры аясында «Оқжетпес» пен «Қайсар» арасындағы матч аяқталды, деп хабарлайды Sport+.

Ойын 4:2 есебімен көкшетаулықтардың пайдасына шешілді. Жеңімпаз құрамында голдарды Алияр Мұхаммед, Адам Адахаджиев пен Тимур Досмағамбетов соқты. Сондай-ақ қонақтардың жартылай қорғаушысы Әліби Тұзақбаев өз қақпасына гол жіберіп алды.

«Қайсар» сапынан шабуылшы Ерсұлтан Төрекұл мен қорғаушы Карам Сұлтанов мергендік танытты.

Айта кетейік, бұл матч Қайрат Нұрдәулетов үшін «Оқжетпес» тізгініндегі алғашқы ойын болды. Ол команданы Андрей Ферапонтов қызметінен кеткеннен кейін басқарды.



Күн шежіресі