Елордaда елдің ең мықты ММА спортшылары жиналады. ММА бойынша ҚР чемпионатының тікелей эфирі

16–18 қыркүйек күндері Астанада әуесқой ММА бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаты және республикалық AMMA турнирі — Astana Open өтеді.
Бұл турнир — Әлем және Азия чемпионаттарына ресми іріктеу кезеңі.
Турнир торсыз, татамиде өтеді, сондықтан бұл спорт түрінің жанкүйерлерін керемет атмосфера мен тартысты жекпе-жектер күтіп тұр.
Барлық үш күндік турнирді тікелей эфирде sportplustv.kz сайтынан және YouTube-арнасы — sportplus_qaz арқылы тамашалауға болады.