NAIZA чемпионы Әбілқасым Ақтауда титулын қорғайды
NAIZA 84 турнирінде лиганың ең жеңіл салмақтағы жеңілмеген чемпионы Бекжан Әбілқасым (6-0) өз титулын алғаш рет қорғайды.
Оның қарсыласы тағы бір қазақстандық файтер — Бердібек Сиражанов (6-1) болмақ. Ол да өзінің барлық жеңістеріне мерзімінен бұрын қол жеткізген.
Турнир 6 маусым күні Ақтау қаласында өтеді.
Турнирдің толық трансляциясы Sport+ телеарнасында тікелей эфирде көрсетіледі.