Чемпиондар шайқасы: BRAVE 105 x «Alash Pride» 123 турнирінің тікелей эфирі
31 мамыр күні Алматыда екі лиганың — BRAVE 105 x «Alash Pride» 123 — ауқымды ММА турнирі өтеді.
Турнир аясында екі чемпиондық жекпе-жек ұйымдастырылады. «Alash Pride» лигасының чемпионы Асылжан Таскет реванш кездесуінде өзінің белбеуін ресейлік Алексей Мешковқа қарсы қорғайды.
Алдыңғы жекпе-жекте Мешков Асылжанды кездесудің 11-секундында мерзімінен бұрын жеңген болатын. Алайда ол салмақ дәрежесіне сәйкес келмегендіктен, чемпиондық белбеу Таскетте қалған еді.
BRAVE лигасының чемпиондық белбеуі үшін украиналық Омар Соломанов пен зимбабвелік Хвенде күш сынасады.
Сондай-ақ турнирде "Alash Pride" лигасының қазіргі чемпиондары Расул Хатаев, Жәнібек Тыныштық, Абдурахман Өмірзақов өнер көрсетеді. Бұрынғы чемпиондар Рүстем Құдайбергенов, Рауан Бекболат, NAIZA-ның экс-чемпионы әрі BRAVE лигасының белбеуіне үміткер Диас Еренғайыпов және басқа да спортшылар қатысады.
Турнирдің басталу уақыты — 17:50.
Турнирдің тікелей трансляциясы Sport+ телеарнасында, sportplustv.kz сайтында және YouTube-тағы sportplus_qaz арнасында көрсетіледі.