NAIZA 72 турнирі тікелей эфирде

3 мамыр Алматыда аралас жекпе жектен NAIZA 72 ауқымды турнирі өткізіледі. Басты жекпе жекте ауыр салмақтағы қазіргі чемпион Адамов жеңіліс дәмін татпаған қазақстандық Шакишевпен күш байқасады.
Сонымен қатар, бұл кеште Дәулет Үсербай, Еламан Шертаев, Елжан Алиасқар және тағы басқа спортшылар бой көрсетпек.
Барлығы 13 жекпе жек жоспарланған. Турнир 16:00–де басталады. Тікелей эфир Sport+ телеарнасында, sportplustv.kz сайтында және sportplustv_qaz ютуб арнасында қол жетімді.