Мұстафа Өзтүрік сияқты болсын: каратэден Азия чемпионы Әсел Қанай спортқа қалай келгені туралы

Каратэден Азия чемпионы Әсел Қанай Sport+ телеарнасындағы «Бірге-бір» бағдарламасының құрметті қонағы болып, спорт жолына қалай келгені жөнінде сыр шертті.
«Мені спортқа алып келген — әкем. Ол өзі спортқа жақын адам, бірақ жастайында бұл салада өзін толық көрсете алмады. Әкем дзюдомен айналысқан. Ол кезде ұл болсын, қыз болсын, міндетті түрде спортқа беремін деген арманы болған. Мені жеті жасымда спортқа жетелеп әкелді. Кішкентайымнан көшеде төбелеске бейім болып едім, сол себепті әкем мені каратэге берді. Әуелде таэквондоға бергісі келген: „Мұстафа Өзтүрік атамыз сияқты болсын, Олимпиадаға барсын“ деген арманы болған. Алайда біздің тұрған жерімізде ең жақын спорт секциясы каратэ болғандықтан, сол жолды таңдадық. Әкем әр жаттығуыма бірге барып, менің қабілетімді бақылап, бапкермен жақсы қарым-қатынас орнатты. Қайтпас қайсар мінезімді қалыптастыруда әкемнің үлесі зор», — деді Әсел.
Әсел Қанайдың сұхбатының толық нұсқасын төмендегі плеер арқылы тамашалай аласыздар.