logo

Олимпиада жүлдегері Софья Берульцева қазақ тілін қалай үйренгені туралы айтты

Олимпиада жүлдегері Софья Берульцева қазақ тілін қалай үйренгені туралы айтты

Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, каратэ шебері Софья Берульцева Sport+ телеарнасындағы «Бірге бір» бағдарламасына берген сұхбатында қазақ тілін қалай үйренгені туралы айтып берді.

«Анам — орыс, әкем — грек, ал мен — қазақпын (күліп). Мені үнемі сұрайды, қазақ тілінде қалай осылай еркін сөйлей аласың деп. Бізде үйде стационарлы телефон болды, мен кішкентай кезімде тұтқаны көтерсем, ана жақта қазақша сөйлейтін. Сосын анама барып, мен де солай сөйлегім келеді дедім. Сол кезде анам мені қазақ балабақшасына берді. Кейін мектепте, үйде репетитор болды, аптасына үш рет қосымша сабаққа қатыстым, қазақ әдебиетін оқыдым», — деді Софья.

Сұхбаттың толық нұсқасын төмендегі сілтеме арқылы көруге болады.