Әсель Қанай Премьер-Лигада алтын үшін жекпе-жекке шығады. Берульцева мен Анарбеков қола жүлде үшін мүмкіндік алды. Тартысты жекпе-жектер тікелей эфирде

Каирдегі Karate Premier League турнирінің кешкі финалдық сессиясында үш қазақстандық спортшы медаль үшін жекпе-жек өткізеді.
Қыздар арасында 61 кг салмақ дәрежесінде Асель Қанай финалға шығып, Украина өкілі Александра Шолоховамен кездеседі.
Премьер-Лиганың қола жүлдесі үшін Диас Анарбеков (84+ келі) пен Софья Берульцева (68+ келі) күреседі.
Кешкі сессия Астана уақытымен 18:00–де басталады.
Барлық финалдық және қола жекпе-жектерді тікелей эфирде Sport+ телеарнасынан және sportplustv.kz сайтынан көруге болады.