Куртуа Қазақстанға келуі мүмкін

Бельгия құрамасының жаңа бас бапкері Руди Гарсия «Реал» Мадрид қақпашысы Тибо Куртуа ұлттық командаға оралады деп үміттенеді, деп хабарлайды Sport+.
«Тибо Куртуа — Бельгияның ең тәжірибелі әрі шебер ойыншыларының бірі. Матц Селс пен Коэн Кастельстің де керемет қасиеттері көп, бірақ менің ойымша, әлемдегі ең мықты қақпашы — Куртуа. Оған сене аламыз деп үміттенемін, болашағы уақыт көрсетеді. Алайда қазірдің өзінде оң өзгерістер байқалуда», — дейді Гарсияның HLN-ге берген сұхбаты.
Айта кетейік, Бельгия құрамасы Әлем чемпионатына іріктеу аясында Қазақстан құрамасымен бір топқа түсті.