logo

Ирандық клуб Станислав Черчесовты шақыруды көздеп отыр

Ирандық клуб Станислав Черчесовты шақыруды көздеп отыр

Иранның «Персеполис» клубы Қазақстан құрамасының қазіргі бас бапкері Станислав Черчесовты бас жаттықтырушы қызметіне шақыруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Sport+.

Черчесовтың кандидатурасын Иран чемпиондарына агент Кова Тилавпур ұсынған:

«Қазіргі уақытта «Персеполис» қиын жағдайға тап болды және бапкер іздеуде. Олар түрік маманы Исмаил Карталды шақырды, бірақ ол шектен тыс талаптар қойды: тікұшақ пен жеке вилла. Сондай-ақ итальяндық Вальтер Маццарри келді. Оған 1,5 жылға 3 миллион еуро ұсынылды. Әзірге ол Италияға ойлануға және отбасымен ақылдасуға кетті. Мен Станислав Саламовичтің кәсіби тұрғыдан Карталдан немесе Маццарриден кем түспейтініне сенімдімін, ал ирандықтар Қазақстан құрамасындағы келісімшартын сатып ала алады. Жергілікті БАҚ-тан көріп отырғанымдай, оны бұл жерде қаламаушылар көп», — деді Тилавпур.

Еске сала кетейік, бұған дейін ирандық «Трактор» клубында Құрбан Бердіев жұмыс істеген.