Күміс үшін шайқас: Мысыр – Нигерия матчының тікелей эфирі
Мысыр пен Нигерия құрамында жоғары деңгейлі шабуылшылар — Салах, Мармуш, Осимхен, Адамс, Лукман және басқалар бола тұра, жартылай финалда екеуі қосылып бар-жоғы 0 гол соқты.
Шабуылдағы бұл сақтық командаларға кері әсер етті: Мысыр Сенегалға 0:1 есебімен жеңілді, ал Нигерия пенальти сериясына дейін жетіп, онда Марокко құрамасынан ұтылды.
Сондықтан енді екі команда да Африка Ұлттар кубогының қола жүлделері үшін тартысуға мәжбүр.
Мысыр — Нигерия арасындағы қола үшін матч 21:00–де басталады.
Тікелей трансляция Sport+ телеарнасында, сондай-ақ sportplustv.kz сайтында қолжетімді болады.