Сауд Арабиясындағы триумфтан кейінгі алғашқы матч: «Расинг» — «Барселона» ойынының тікелей эфирі
«Барселона» Испания Суперкубогының финалында «Реалды» жарқын түрде жеңгеннен кейін елге оралды. Жаңа мәртебедегі алғашқы матч ел Кубогы аясында өтеді.
Ханс-Дитер Флик шәкірттері 1/8 финалда Сегунда көшбасшысы — «Расингке» қарсы ойнайды. Айта кетейік, Сантандер клубы чемпионаттағы соңғы 4 матчта жеңіске жете алмай жүр: 3 тең ойын және 1 жеңіліс.
Ал «көк-алақызылдар» барлық турнирлерде қатарынан 10 жеңістен тұратын әсерлі сериямен келе жатыр.
Матч 16 қаңтар күні сағат 01:00–де өтеді. Тікелей трансляция Sport+ телеарнасында және sportplustv.kz сайтында қолжетімді болады.