logo

Кристина Шумекова рекорд жаңартып, жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанды

Кристина Шумекова рекорд жаңартып, жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанды

Конькимен жүгіруден Қазақстан құрамасының өкілі Кристина Шумекова Германияның Инцелль қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Отандасымыз 500 метр қашықтықта алтын медаль иеленді. Шумекова 38.48 уақыт көрсеткішімен мәреге жетіп, жеке рекордын жаңартты.

Екінші орынды канадалық Джулия Снелгров (38.78) иеленсе, үздік үштікті польшалық Виктория Дабровска (38.96) түйіндеді.

Анастасия Беловодова 12-орын алды, Варвара Глухова — 13-орын, Алина Шумекова — 30-орын, Айзада Рымбек — 54-орынға тұрақтады.

Айта кетейік, осы қашықтықта 2010 жылғы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Екатерина Айдова да Қазақстанға алтын медальді сыйлаған еді.



Күн шежіресі