Кристина Шумекова жасөспірімдер арасындағы конькимен жүгіру спорты бойынша Әлем кубогының кезеңінде үшінші «алтынды» жеңіп алды.
Қазақстандық конькиші Кристина Шумекова Милан (Италия) қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы конькимен жүгіру спорты бойынша Әлем кубогы кезеңінде үш дүркін жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Sport+.
Бүгін, 30 қарашада, спортшы 1500 метрлік дистанцияда алтын медаль жеңіп алды.
Мәре сызығын екінші болып жапондық Аяно Секигучи кесіп өтті. Үздік үштікке қытайлық Цзяминь Цзян енді.
Айта кетейік, бір күн бұрын Шумекова 1000 және 3000 метр қашықтықтарында бірінші орын иеленген болатын.