Дауранова туған күнінде әлем кубогы кезеңіндегі үшінші медалін жеңіп алды

Қазақстандық Алина Дауранова Коллальбода (Италия) өткен жасөспірімдер арасындағы конькимен жүгіру спорты бойынша әлем кубогы кезеңінде үшінші медалін жеңіп алды, деп хабарлайды Sport+ Ұлттық Олимпиада комитетіне сілтеме жасап.
Бұл жолы спортшы 500 метр қашықтықта екінші болып мәре сызығын кесті. Бірінші орынды венгриялық Ханна Биро иеленсе, үздік үштікті италиялық Мэйбрит Вигль қорытындылады.
Айта кетейік, бұған дейін Дауранова 1000 метр қашықтықта және командалық спринтте алтын медаль жеңіп алған болатын.
Бүгін Алина туған күнін атап өтуде – ол 21 жасқа толды.