Көркем гимнастикадан әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасының тізімі анықталды

Көркем гимнастикадан әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасының тізімі анықталды

Халықаралық гимнастика федерациясы Германияның Франкфурт-на-Майн қаласында өтетін көркем гимнастикадан әлем чемпионатына қатысатын спортшылардың алдын ала тізімін жариялады, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап. 

Жекелей сында Қазақстан құрамасының сапында Ақмарал Ерекешева мен Айбота Ертайқызы өнер көрсетеді.

Топтық жаттығуларда Айзере Кеңес, Жасмин Жүнісбаева, Кристина Чепульская, Мадина Мырзабай, Айзере Нұрмағамбетова және Аида Хәкімжанова ел намысын қорғайды.

Әлем чемпионаты 12–16 тамыз аралығында өтеді.



Күн шежіресі