logo

«Классиктер» үшін алтынға соңғы мүмкіндік. Венгриядан өтетін рейтингі бар турнирдің тікелей эфирі

«Классиктер» үшін алтынға соңғы мүмкіндік. Венгриядан өтетін рейтингі бар турнирдің тікелей эфирі

20 шілдеде Венгриядағы рейтингілік турнирде соңғы белдесулер өтеді. Қазірге дейін Қазақстан құрамасының қоржынында бір күміс пен төрт қола медаль бар.

Бүгін медаль қоржынын толықтыру мүмкіндігі грек-рим күресінің өкілдерінде — «классиктерде».

Бүгін жеті салмақ дәрежесінде жүлделер сарапқа салынады:

55 келіде Қазақстан атынан Алпамыс Дастанбек пен Марлан Мұқашев өнер көрсетеді. Екеуі де жарысты ширек финалдан бастайды.
60 келіде Айдос Сұлтанғали іріктеу кезеңінен, ал Ғалым Қабдуназаров 1/8 финалдан жарыс жолына шығады.
63 келіде Ережет Жарылқасын мен Еркебұлан Ардақов іріктеу кезеңінен бастайды.
67 келіде ел намысын үш балуан қорғайды: Дамир Ибрашов — іріктеу кезеңінен, Дінмұхаммед Қошқар мен Сұлтан Әсетұлы — 1/8 финалдан бастайды.
77 келіде тек бір балуан — Елдос Камалов сынға түседі.
82 келіде үш балуан өнер көрсетеді: Шамиль Ожаев, Диас Қален және Альмир Төлебаев.
97 келіде Қазақстан намысын Юсуф Матсуев қорғайды.

Алдын ала белдесулер сағат 13:30–да басталады. Тікелей трансляция sportplustv.kz сайтында қолжетімді болады.



Күн шежіресі