Қазақстандықтар Венгриядағы турнирде тағы екі қола медаль жеңіп алды (видео)

Будапештте өтіп жатқан күрестен рейтингілік турнирдің үшінші жарыс күнінде қазақстандықтар екі қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sport+.
Әйелдер арасындағы 76 келі салмақта үшінші орынды Эльмира Сыздықова иеленді. Ол жұбаныш белдесулері арқылы қола медаль үшін тартысқа жолдама алып, шешуші белдесуде ресейлік Валерия Трифонованы жеңді.
Грек-рим күресі бойынша ерлер арасында 130 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Әлімжан Сыздықов қола медаль жеңіп алды. Қола үшін белдесуде ол финляндиялық Элиас Космуненнен басым түсті.