logo

Жәмиля бастаған палуандар боз кілемге шығады. Венгриядағы рейтингтік турнирдің тікелей эфирі

Жәмиля бастаған палуандар боз кілемге шығады. Венгриядағы рейтингтік турнирдің тікелей эфирі

18 шілдеде Венгрияда «Polyák Imre & Varga János Memorial» рейтингтік турнирінің екінші күні өтеді. Бұл күні еркін күрес шеберлерімен қатар әйелдер де бозкілемге шығады.

Еркін күресте үш салмақ дәрежесінде жүлделер сарапқа салынады.

74 келіде 1/8 финалда Елдос Қуанышбай кореялық Санго Ханмен белдессе, ал Әлібек Әбдіқасымов әзербайжандық Магомед Ханиевпен кездеседі.

86 келіде дәл осы кезеңнен Нұржан Исағалиев жарыс жолына шығады. Оның алғашқы қарсыласы — кореялық Геонгеон Ли.

92 келіде Қазақстан намысын Арыстан Қарабек қорғайды. Оның алғашқы қарсыласы — грек туы астында өнер көрсететін Даурен Круглиев.

Әйелдер арасында:

50 келіде жоғары рейтингке ие болған Светлана Анкичева жарысты бірден ширек финалдан бастайды. Оның қарсыласы 1/8 финалдағы белдесулерден кейін анықталады.

53 келіде Зейнеп Баянова да жарысты ширек финалдан бастайды. Ол америкалық Фелиси Тэйлормен күреседі.

57 келіде Қазақстан атынан Нилуфар Раимова өнер көрсетеді. Оның алғашқы қарсыласы — үндістандық Неха Неха.

72 келіде қатысушылар санының аздығына байланысты әр спортшы төрт белдесу өткізеді. Жамиля Бақбергенованың қарсыластары: Паулин Лекарпенье (Франция), Харшита Харшита (Үндістан), Кристина Бартчикова (Ресей) және Ксения Буракова (Ресей).

«B» кілеміндегі тікелей трансляцияны sportplustv.kz сайтынан көруге болады. Трансляция Астана уақытымен 16:30-да басталады.



Күн шежіресі