Әйелдер арасындағы күрестен ел кубогының жеңімпаздары анықталды (видео)

Өтіп жатқан күрестен Қазақстан кубогында 50, 55, 59 және 62 келіге дейінгі салмақ дәрежелері бойынша чемпиондар анықталды, деп хабарлайды Sport+.
Астаналық спортшы Светлана Анкичева алматылық Лаура Ганиқызынан басым түсті.
55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында қарағандылық Зүлфия Яхъярова жерлесі Ангелина Первухинадан басым түсті.
59 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің шешуші белдесуінде Ақмола облысының өкілі Виктория Хусаинова астаналық Диана Қаюмованы жеңді.
Ал 62 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын жүлде Тыныс Дүбекке белдесусіз бұйырды. Оның қарсыласы Әнел Шоқаева жарақатына байланысты кілемге шыққан жоқ.